02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №1129 

309 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 қараша,Астана қаласы Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е.Досаев 201_ жылғы 10 желтоқсан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1129 бұйрығымен бекітілген Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда жүгінуші тұлға (тапсырыс беруші) деп энергетикалық аудит жүргізу үшін жүгінген жеке және (немесе) заңды тұлға ұғынылады. 2. Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібі 3. Талдау объектісі Заңның 9-бабына сәйкес жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектіcі ұсынатын энергия аудиті қорытындысы болып табылады. 4. Энергия аудиті қорытындысына талдауды жыл сайын 1 қыркүйекке дейін ЭЭҰДИ жүргізеді. 5. Тексеру энергия аудиті бойынша қорытындының жиынтықтығына жүзеге асырылады (кіріспе бөлік, негізгі бөлік, қорытынды бөлік және энергия аудиті қорытындысына қосымшалардың саны). Энергия аудиті қорытындысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Энергия аудитін жүргізу қағидалары) сәйкестік мәніне талданады. 6. Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу кезінде ЭЭҰДИ: 1) кіріспе бөлікте: жүгінген тұлға (тапсырыс беруші), энергия-аудиторлық ұйым, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) туралы деректердің болуын талдайды; 2) негізгі бөлікте: жүгінуші тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша ақпаратты; өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлес шығысын айқындау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша ақпаратты; Энергия аудитін жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты; Энергия аудитін жүргізу қағидалары 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпаратты; Энергия аудитін жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдайды; 3) қорытынды бөлікте: объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, оның ішінде өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың төмендеуіне ықпалдасатын және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққанда энергетикалық ресурстардың төмендеуі бойынша ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін және оларды орындау мерзімдері және оларды орындау мерзімдерін талдау және бағалау; ұсынылатын іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебін және негіздемесін талдау; жүгінуші тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалауына талдау; объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністе ықтимал әлеуетінің есебіне талдау жүргізеді. 7. Талдау нәтижелері бойынша ЭЭҰДИ энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындыны жазбаша түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия-аудиторлық ұйымға және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісіне мәлімет үшін жібереді. 8. Энергия-аудиторлық ұйым мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындымен келіспеген жағдайда, оны алған сәттен бастап күнтізбелік қырық күн ішінде келіспеу себебіне негіздеме бере отырып жауап жібереді. Негіздемесі бар жауап энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі. 9. ЭЭҰДИ энергия аудиті қорытындыларының талдау нәтижелері бойынша жыл сайын 30 қазаннан кешіктірмей талдау нәтижелері туралы қорытындыны дайындайды және оны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидаларына қосымша Нысан Энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытынды Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы: (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің деректері) Энергия-аудиторлық ұйымның атауы: (энергия-аудиторлық ұйымның деректері) Энергия аудиті қорытындысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларына сәйкестік мәніне талдау: _____________________________ _______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________. Кіріспе бөлік: 1. Жүгінген тұлға (тапсырыс беруші), энергия-аудиторлық ұйымның, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) туралы деректердің болуын талдау. Иә/Жоқ (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) Негізгі бөлік: 1. Жүгінуші тұлғаның (тапсырыс беруші) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша ақпаратты талдау. 2. Өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлес шығысын айқындау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша, үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша ақпаратты талдау. 3. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдау. 4. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін есептік ақпаратты талдау. 5. Үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпаратты талдау. Қорытынды бөлік: 1. Объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, оның ішінде өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың төмендеуіне ықпалдасатын және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданына шаққанда энергетикалық ресурстардың төмендеуі бойынша ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін және оларды орындау мерзімдері және оларды орындау мерзімдерін талдау және бағалау. Иә/Жоқ 2. Ұсынылатын іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебін және негіздемесін талдау. 3. Жүгінуші тұлғаның (тапсырыс берушінің) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалауына талдау. 4. Объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністе ықтимал әлеуетінің есебіне талдау. Иә/Жоқ Тұжырым: ___________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________. Энергия аудиті талдауының нәтижелері туралы қорытынды жасалған күн: _____________________ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтының бірінші басшысы __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12542 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше